Павлодар облысында ірі жол апатынан 2 бала көз жұмды. Бұған қоса 9 адам жарақат алған. 10 – нан астам жолаушы мінген шағын автобус Астанадан Өскеменге бара жатқан.
 
Қайғылы жағдай түнде Екібастұз қаласынан 60 шақырымдағы Қалқаман кенті маңында болған. Оқыс оқиғадан 6 және 14 жастағы жеткіншек қайтыс болды. Екеуі де жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Ал, басқа тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Олардың төртеуі бала. Көліктің қалайша жолдан шығып кетіп аударылғаны жайлы полиция былайша мәлімдеді.
Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:
31 жасар Тойота жүргізушісі рульді басқара алмай жол жиегіне аударылды. Салонның ішінде 11 адам болды. Соның ішінде 6 кәмелетке толмаған, 5-і ересектер. Олар бір-бірімен туыс болады.
Көлік апатынан зардап шеккендердің бәрі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Қазір 7 адам ауруханада. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда орташа хәлде көрінеді. Осы көлікте болған тағы екі әйел адам ауруханаға жатудан бас тартыпты.
Алмас Қайыртаев, №1 қалалық ауруханасы басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта жағдайлары орташа ауыр халде. Аса қауіп төпіт тұрған жағдай жоқ. Жол апатына тап болғандар ішінде әр түрлі сынық жарақаттарын алғандар бар.