Павлодарда аялдамалар халқымыздың ұлы тұлғалары жайлы ақпараттармен әрленуде. Қазірдің өзінде Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Кәукен Кенжетаев сияқты тұлғалардың портреті және ақпарат жазылған баннерлер жабыстырылып та үлгерді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. 
 
Кәукен Кенжетаев - қазақ өнерінің майталманы. Баянауыл өңірінің тумасы. Кино және театр актеры. Опера әншісі. Ұстаз, профессор. Жалпы Кереку өлкесі талантқа дархан. Сол ұлылардың есімін әркез есте сақтап, бүгінгі қоғамға кеңінен танысту мақсатында осы жоба қолға алынуда. 
Батырбек Қайыр, мәдениет, тілдерді дамтыу және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:
Негізгі мақсаты қала тұрғындарының осы аялдамада, қоғамдық көлік күтіп тұрған уақытта танымал тұлғалардың өмірімен таныстыру мақсатында іске асырылып отырған дүние. 
жалпы 19 тұлға жайлы 40 аяламданы осылай әрлеу көзделген. Қала тұрғындары Олжабай батыр, генерал Дүйсенов, Қамар Қасымов сияқты өзге де тұлғалар жайлы ақпараттар ілінетін болады. Олардың барлығы ел қорғаған батыр, сөз бастаған шешен, ғылым және мәдениет қайраткерлері. Ақпараттар толымды әрі дизайндық ерекшеліктермен ұсынылмақ. 
Батырбек Қайыр, мәдениет, тілдерді дамтыу және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:
Маңыздығы бұл енді тұрғындарға тұлғаларымызды танып білу. Азғантай ғана уақыттң ішінде көптеген мағұлмат алу. Бұлардың ішінде тек қана өмірбаян емес. Азған уақыт ішінде мағұлмат алу мақсатында жасалып отыр.
Аялдамалардың ішінде адам ең көп тоқтайтын, шоғырланатындары таңдалған. Аялдамалар биыл 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланып жатқан Ахмет Байтұрсынұлы жайлы әрленген баннермен әрленбек. Жалпы бұл жұмыс «Тұлғалар тағылым» жобасы аясында іске асуда. 
 
Жанасыл Серікбол