20 қараша күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айының 1-ші жұлдызындағы халыққа жолдауында көтерілген еді. Бүгінгі таңда науқан уақыты анықталысымен қызу дайындық басталып та кетті. Осы ретте кезектен тыс президент сайлауына қатысты қоғам белсенділерінің пікірін тыңдадық. 
 
Ел вирустан құтылып, етек-жеңді жия бастаған кезде, көршілес Мемлекеттерде дүмпу белең алды. Бұл әлбетте Қазақстан экономикасына да әсер еткені белгілі. Осы ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа жолдау жасап, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Бұл жолғы науқанның ерекшелігі сол – Президент тек 1 мәрте, 7 жыл мерзімге сайланады. Бұл өте орынды шешім,-деп есептейді өңір университеттерінің профессорлары. 
Анар Кәрімова, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы:
Өкінішке орай көршілес елдерде саяси дағдарыс өте күрделі мәселе ретінде қарастылырып отыр. сондықтан да біздің елге әсері болмай қоймайды деген ойдамын. Сондықтан да қазіргі таңда өзіміздің нақты президентімізді сайлап алсақ, және де ол кісіні белгілі бір мерзімге бекітіп алсақ, ол заңды құбылыс деген ойдамын. 
Иә, Ресей мен Украина, сонымен қатар, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы текетірес Қазақстан халқын да алаңдатып отыр. Себебі, елдің әлеуметтік-экономикалық, сауда-саттық, транспорттық салаларына кедергі келтіретіні анық. Ал, кезектен тыс президент сайлауы әлемдік нарықтағы мәселелерді шешуге серпін беретіні сөзсіз,- дейді желтоқсан көтерілісіне қатысқан профессор Ырысгүл Шақаман. 
Ырысгүл Шақаман, профессор:
Елімізде бейбітшіліктің, тұрақты өмірдің болғанын қалаймыз. Бұл кезектен тыс сайлаудың болғанын дұрыс деп шешім қабылдаймыз. Өйткені тұрақты Президент болу керек, тұрақты Президент болса, тұрақты Мемлекет болады. Сондықтан әрине жолдауда Президенттік сайлау 1 мерзімдік 7 жылға сайлау туралы айтылған. Бұл 1-ақ рет болады, екінші рет сайланбайды. 
Жалпы, бұл жолғы кезектен тыс Президент сайлауы көптің көкейіндегі күдікті сейілтейін деп тұрғаны сөзсіз. Себебі, Кереку тұрғындарының кейбірі мемлекет басқаратын азамат тек бір мерзімге сайлануы керек деп,-есептейді. Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемнің алпауыт елдерінде бұл қағидат қатаң сақталатын көрінеді.   
 
Зұлқарнай Ермұратұлы