Павлодардағы 228 көпқабатты үй кешелі бері жылуға қосылды. Күн сайын тұрғын үй қорына біртіндеп жылу беріліп жатыр. Алдымен қысқы дайындығы 100 пайыз баспаналар жылумен қамтылады.  Павлодар қаласы әкімдігінің Қаулысына сәйкес 26 қыркүйекте шаһардың көпқабатты үйлеріне  жылу беріле бастады. Жоспарға сәйкес, күн сайын 100-120 көпқабатты үй жылуға қосылады. Қазірдің өзінде облыс орталығындағы 553 үй 100 пайыз жылыту маусымына дайын екен. 
 
Бақытгүл Базылова, тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары:
Жылу желілердің кестесіне сәйкес бүгінгі таңда 228 көпқабатты үйге жылу берілді. Қаланың тұрғын үй қорында 1256 көпқабатты үй бар. Бүгін жылу берудің екінші күні. 
 
Самал Қалиқызы