Павлодар облысында покер ойнайтын жасырын клуб анықталып, ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекемеде ойыншылар, қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ ойын карталары, фишкалар және ойынның басқа да атрибуттары табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де ақпараты ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.