Железин ауданындағы  Башмачное ауылында 800 –ден аса адам ғұмыр кешіп жатыр. Түрлі тарихи кезеңдерге куә болған елді мекеннің тамыры тереңде. Көнекөз қариялардан жеткен мәлімет бойынша ауылдың ежелгі аты Мәйек екені айтылып жүр. 
 
Железин ауданының 12 ауылдық округінің 3 ғана төл атауға ие. Өзге тілде аталып жүрген елді мекеннің бірі Башмачное ауылдық округінің тарихи атауының Мәйек екені ел арасында айтылып қалады. Сондай-ақ, бұл өлкеде осыдан 3 ғасыр бұрын ел қоныстанғанын дәлелдейтін  жәдігерлер табылған.  
Уәли Оспанов, Башмачное ауылының тұрғыны: 
Бізде былтыр құбыр қазып су өткізген кезде Ертістің жиегінде құбыр қазғанда сонда қола дәуірдің ыдыстар аяқтар табылды. Ағайындар ертістің ар жағында Ертіс ауылында тұрады. Сонда бала кезімізде барғанда шалдар сұрайды ғой: «Мынау кімнің баласы? Қайдан келген?» деп. Сонда шалдар айтады Мәйектен келді деп. Біздің ел бұрыннан Мәйек екен. 
Ал бұл күні Башмачное деп аталуының себебі ауыл сыртындағы байпақ формасындағы көлге байланысты. Алдағы уақытта елді мекеннің төл атауы қайтарылады деген сенім бар. 
 
Гүлсара Мәлікова