Успен ауылында балалар алаңы салынды.  Нысанның бой көтеруіне  төрт миллион теңге қаражат жұмасалған.  Сондай-ақ алдағы уақытта сол маңайда демалатын  орындықтар, басқа да қосалқы құралдар орнатылады. 
 
Алаңның құрылысы  үш жыл бұрын басталған. Алдымен олар бос  тұрған жерді  тазалап, қоршап алды. Одан кейін балаларға әткеншек орнатты. Қазір нысан көрінісі көз тоярлық. Кешеннің құны төрт миллион теңге.
Сергей Саламацкий,  Успен ауылдық округінің әкімі:
Спорт кешенін салу жоспарда бар. Яғни, көлденең жолақтар, воркаут алаңы салу, әткеншектер орнатылады. Бұл  кешен аудан тұрғындары үшін  жақсы сый  болмақ. 
Спорт алаңына бейнебақылау камералары орнатылып, екі шам ілінді. Шенеуніктер  балалар алаңында қосымша  жарықтандыру құрылғыларын тұрғызуды жоспарлап отыр. 
Сергей Саламацкий,  Успен ауылдық округінің әкімі:
Аудан орталығы бойынша тағы үш ойын алаңы бар. Келешекте құны 60 млн теңге болатын  жоба әзірленді, бұл үлкен ойын алаңы болмақ.  Келесі жылы іске асырылады. 
Успен ауылында 800-ден астам бала тұрады. Олардың 600-ге жуығы мектеп жасындағы балалар. Үш мектеп және арнаулы білім беретін  колледж бар.
 
Әйгерім Тоқпанқызы