Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы ардагерлерімен кездесті. Ашық диалог форматында өткен жиын барысында құрметті азаматтар өз сауалдары және өңір дамуы мен өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұсыныстарын айтты. 
 
Жыл бойы ардагерлер басқарма басшыларымен кездесулер өткізеді.Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеевтің сөзіне қарағанда, бір жылда 4 мыңнан астам сұрақ келіп түскен. Олардың басым бөлігі оң шешімін тапты. 
Рымтай Шөкеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Биыл облыстық ардагерлер ұйымының құрылғанына 40 жыл. Барлық ардагерлер кеңесінің есеп беру кездесулері өтті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп мереке аясында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ. Жер жоқ жерде, мемлекет болмайды. Бүгінгі жас ертеңгі ел сақшысы дегендей жас ұрпақты ең алдымен ұлтжанды, елінің патриоты қылып тағайындауымыз қажет. 
2025 жылға дейін жалпы құны 2 трлн теңге болатын инвестжобалар жүзеге асады. Осыған байланысты 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.  Есесіне, 2022 жылы жалақы орташа есеппен 17%-ға өскен. Соңғы екі жыл ішінде облыста 1400 шақырым жол жөнделді. Нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 93%-ға жетті.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Қариясы бар ел, қазыналы ел. Ағасы ақылдының ауылы азбайды. Бүгін сіздермен кездесіп, кеңес алуға жөн көрдім. Өңір экономикасы барлық сала бойынша оң аймақта. 2025 жылға дейін 143 инвест жоба әзірленген. Биыл егістік жерлері 1,4 мле гектарды құрайды. Соңғы үш жылда суармалы жерлер 40 пайызға ұлғайды. Үш жылдың ішінде қосымша 27 мың ауыл тұрғндарын сумен қамтамасыз еттік. Жыл соңына дейін 206 мың тұрғын сумен қамтамасыз етіледі. 
Өңірде тұрғындарды жұмыспен қамтудың Бағдарламасы жүзеге асып жатыр. NEET жастарының саны 4,1%-ға кеміді. Жыл басынан 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Соның басым бөлігі тұрақты жұмыс орындары. Барлық колледжде өзекті мамандықтар орталығын аштық. 80 мыңнан астам оқушны тегін тасымалдау мәселесі шешілді. 
Ульян Мақұлов, ақсақалдар алқасының мүшесі:
Алдымызда Жаңа Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеу мәселесі біздерді қатты ойландырады. Тәрбие әр отбасыдан басталады. Туған тілді қадірлеу де шаңырақтан басталады. Сондықтан бала тәрбиесі бүгінде басты мәселелрдің бірі болып отыр. Шаңырақта ата мен әже, ана мен әке өзге тілде сөйлескенде, бала туған тілін қалай дамыта алады. Осы орайда бұрыннан қалыптасқан ата-аналардың облыстық форумын өткізу туралы ұсыныс айтқым келеді.
Жиын соңында ардагерлер жастар арасында патриотизмді насихаттаудың арнайы бағдарламасын әзірлеу керектігін айтты. 
 
Аяулым Рахымжанова