Ақтоғай ауданы ауыл шаруашылығы дамыған аудандардың бірі. Бүгінде 41 170 ірі қара мал басы бар. Шаруаларға 48 мың гектар жер пайдалануға берілген. 
 
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасы аясында 8 ай ішінде аудан басшылығына ауыл тұрғындарынан  130 өтініш келіп түсті. Аудан әкімі Қаршыға Арыновтың айтуынша барлық түскен өтініштер қарастырылған.  Ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Ақтоғай ауданында өсімдік және мал шаруашылығын дамыту үшін жер айналымға берілді.  
Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:
Біздің алдымызда 45 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту міндеті тұрды. Бүгінгі күні мақсатындағы жерлерді беру бойынша 3 конкурс өткізілді. Нәтежесінде 48 жарым мың гектар ауылшаруашылық айналымға тартылды. Біз өз міндетімізді орындадық. 
Ауданда бизнестің жол картасы бағдарламасы арқасында  6 жоба жүзеге асты. Азық түлік бағасын тұрақтандыру үшін де нақты шаралар орындалды. Әлеуметтік жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ биыл аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі төмендеген. 555 жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта көші қон бағдарламасы бойынша өзге өңірлерден 215 адам келеді. 
Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:
Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері жобасы бойынша  2022 жылы 45 отбасын көшіру жоспарлануда. Комиссяидан 20 отбасы өтті. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда. Ауданда аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған әлеуметтік қорғау бойынша барлық шаралар қабылданды. бұл Мақсатқа 55 млн теңге сомасында ақшалай қаражат қарастырылған. 
Ауыл аймаққа қатынайтын және  ауыл ішілік жолдар жөнделді. Ақжол, Қараоба, Жаңа ауыл, Естай, Қарасу ауылдарының халқы таза ауыз сумен қамтылады.
Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:
Ағымдағы жылдың басынан бастап Приреченки, Қожамжар, су құбырын сорғы станцияларындағы сумен жабдықтау обьектілерін жалпы сомасы 28 млн теңгеге мембрана сүзгісін ауыстыру жүргізілді. Ақтоғай ауданы су құбырын сорғы станциясын құбырларды ауыстырумен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шұға, шолақсор ауылдарында КБМ сорғылары сатып алынды. және орнатылды. Ақтоғай ауданының экономикасының нақты секторы Жалаулы ауылында су құбыры құрылысына және Барлыбай, жоламан, Жамбыл, Жаңатап, Шұға, Шолақсор, ауылдарында су құбырын жеңілдетілген нұсқасын салуға жобасын құжат әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. 
Аудан әкімі Қарғыша Арыновтың айтуынша, елді мекендерді абаттандыру аясында ауылдық округтерде балалар, спорт алаңдары салынды. Сондай-ақ бейнекамералар орнатылып, жарық шамдары ілінді. 

 Әйгерім Тоқпанқызы