Ертіс ауданында астық жинау кампаниясы аяқталды. Биылғы өнім өткен жылдармен салыстырғанда біршама артқаны байқалады. Бұл туралы брифинг барысында аудан басшысы айтты. 

Ертіс ауданында күзгі жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізілді. Суармалы жерлердегі егістік алқаптарының құрылымы 1995 мың гектарды құрайды. Оның ішінде  азықтық дақылдар – 340 гектар,  картоп 300 гектар,  және дәнді-бұршақты және майлы дақылдар 1275 гектарға жетті. Көкөніс бақша дақылдары  80 гектарды құрайды. 
Болатбек Шәріпов, Ертіс ауданының әкімі:
Ағымдағы жылы Ертіс ауданы бойынша жалпы егін жинау көлемі 294 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Оның ішінде дәнді дақылдар 207  мың, майлы дақылдар 62 мың гектар, азықтық 24 мың гектар, картоп – 500 гектар, ал көкөніс пен бақша дақылдары 100 гектарды құрайды.   
Ауылдық жерлерде мал ұстайтын тұрғындардың басты қамы қысқа жем-шөп дайындау. Қазір 120 мың тонна шөп, яғни жоспардың 100 пайызы әзірленді. Оның ішінде пішен – 5,8 мың тонна,  сүрлем – 5,2 мың тонна, сабан 40,6 мың тонна дайындалды. 
Болатбек Шәріпов, Ертіс ауданының әкімі:
2022 жылдың тамыз қыркүйек айлары аралығында тұқым шаруашылығы байқаудан өткіздік. 2022 жылы 26 600 тонна тұқым дайындалды. Оның ішінде 100 пайызды құрайды. 35 бірлі қоймалары бар және 34 бірлік. 
Егін жинау жұмыстары үшін ауданның көлік паркі жаңартылды. Астық жинау  кампанияларына 558  бірлік  комбайн жұмылдырылды. Биыл тағы да  7,4 млрд теңгеге  63 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен 7 астық жинайтын комбайн сатып алынды. Одан бөлек, ауданға шілде-қыркүйек айларында  4518 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай  бөлінді. 
 
Самал Қалиқызы