Биыл Қазақстан Республикасының әділет органдарының құрылғанына 30 жыл. Әділет органдары еліміздің даму жолында айтарлықтай үлес қосқан бірде бір сала. Осыған орай Достық үйінде  салтанатты шара өтті.  

Әділет органдары - өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын атқарушы билiк. Кәсіби мерекелері қарсаңында үздік мамандар салтанатты шарада бас қосты. Оларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук құттықтады.
Олег Крук, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:
ҚР-ның Әділет органдары Тәуелсіздік жылдары елдің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Халықтың конституциялық құқытарын қорғау жолында еңбек етіп келеді. Осы күні сіздердің қиын әрі жауапты қызметтеріңізге тек жеміс тілеймін. 
Әділет органдары түрлі сала мамандарын біріктіріп отыр. Бұл қатарға заңгерлер, нотариустар, адвокаттар кіреді.
Маржан Имятова, Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы:
ҚР-ның Әділет органдарына 30 жыл мерейтой өткізіп отырмыз. Мерейтойда салтанатты түрде мереке өткізіп отырмыз. Ардагерлер, әріптестер, ЗАГС-та істеген мамандар келіп отыр, жеке сот орындаушылар келіп отыр. 
АХАЖ бөлімінде жұмыс жасайтын мамандардың бұл салада атқарып жатқан жұмысы маңызды. Жылдар бойы талмай еңбек еткен ардагерлердің қызметін ерекше атап өткен де дұрыс. Солардың бірі Зайра Жұмаділдинова. Ол көп уақыт бойы аталмыш салада қызмет етіп қана қоймай, қазір әділет органдарының ардагерлер кеңесін басқарып отыр. 
Зайра Жұмаділдинова, әділет саласының ардагері:
Әділет органы маңызды орган. Біз мысалы АХАЖ бөлімінде істегенде өмірі тіркеуден өтеді. Қазіргі міне сот орындаушылар, нотаруистар жұмысын қолға алатын. Маңызды жұмыстар атқарады. 
Шара барысында 6 маман Әділет министрлігінен арнайы марапатқа ие болды. Жалпы 30-ға жуық қызметкер алғыс хат алды. 
 
Самал Қалиқызы