Қазақстанда жәрдемақы, атаулы көмек, міндетті әлеуметтік сақтандыру секілді бірқатар заңды біріктіретін Әлеуметтік кодекс жобасы дайындалып жатыр. Ол мемлекеттен кімнің, қандай жағдайда көмек ала алатынын нақты реттеу үшін жасалады. Еске салайық, әлеуметтік кодекс әзірлеуді Президент 2020 жылы тапсырған еді.
 
Президент Жолдауында халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған біраз бастамалар айтылды. Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болады.
Альмира Дисюпова,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
Сонымен қатар, аналардан түскен шағымдардың бірі - бала күтіміне байланысты болған. Осыған байланысты бала күтіміне берілетін жәрдемақы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайту бекітілген. Бұл норма жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін аналарға да қатысты болады.
Аз қамтылған отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік көмек беріледі. Келер жылдан бастап енді бұл жәрдем ата-аналардың есепшотына қаржылай түседі. 
Альмира Дисюпова,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
Азық-түлік берілген қомақты қаржыны бүгінде монетизация болады. Бүгінде облыс бойынша осы жастағы балалардың саны - 4700. Сондықтан осы балалардың ата-аналарына қаржы түсетін болады. 

«Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасы іске қосылды. Енді әр отбасы тиісті төлемдерді өтініш бермей-ақ, түрлі кабинеттердің табалдырығын тоздырмай-ақ, автоматты түрде ала алады. Бұл мұқтаж отбасыларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. 

Альмира Дисюпова,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
Толықтай бұл жүйе 1 қаңтардан бастап 9 жәрдемақы бойынша толықтай енгізіледі. Бұл жұмыс әрі қарай кезең-кезеңімен асырылады. 2025 жылы мемлекеттік жәрдемақылар осы карта арқылы беріледі. Осы жәрдемақы алушының телефонына смс келгеннен кейін, оған жауап беру керек. Құзырлы органдардың қызметерлері автоматты түрде осы алушыға қандай да бір қызметті беруде.
Цифрлық карта арқылы әр отбасындағы адам санын, әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысын, жұмысқа жарамсыз жандардың бар-жоғын, баспана, денсаулық жағдайын анықтауға болады. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге өседі. Бұл облыстағы 21 мыңнан аса азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді. 

Аяулым Рахымжанова