Ақтоғай ауданы, Абай атындағы мектептің оқушылары да мұғалімдерге бір күндік демалыс берді. Әрбір оқушы өзіне тиесілі сабаққа  жоғары деңгейде дайындалып, бар білгенін өзгеге түсіндірді.  
 
Ұстаздар мерекесіне орай өткізілген өзін өзі басқару күнінде білім ошағының  жоғары сынып оқушылары өзге сыныптың балаларына дәріс өткізді. Тіпті мектеп директоры, оқу, тәрбие ісінің меңгерушілері таңдалды. 11 сынып оқушысы Ботакөз Әлихан  мектеп директоры қызметін атқарды. 
Бөтакөз  Әлихан, 11 сынып оқушысы:
Менің түсінгенім мектеп директорының рөлін атқару қызықты жұмыс болса, қиын жұмыс. Себебі, мектебімізде оқушылар саны көп. Сабақтардың жүйелі өтуін қадағалау. Және ұстаздармен жақсы қатым қатынаста тіл табыса алу үлкен жауапкершілік. Күрделі жұмысты маған сеніп тапсырғамыңа алғысымызды білдіргім келеді. 
Оқушылар өзін өзі басқару күні арқылы тәжірбие жинап, жауапкершілікті сезінді. Жалпы, білім ошағы  2008 жылы ашылған. 57 ұстаз еңбек етеді. 311 оқушы бар.  
Қанымгүл Солтаналинова, Абай атындағы ЖОББМ директоры (Ақтоғай ауданы) :
9-11 сынып оқушылар бүгінгі күні біздің 1-11 сынып оқушыларына барлықтарына сабақ беріп жатыр. Ол сабаққа дайындық барысында мұғалімдер оқушылардың сабақтың дайындығын қалай өткізесіздер соның бәрін таныстырып, бүгінгі күні көптеген мұғалімдермен сөйлескенде балаларға өте ұнады. 
Атаулы күнге орай мектептің бастауыш сынып  оқушылары сүйікті ұстаздарына арнап, өлең жаттап келді. 
Керім Тұрсынұлы, 1 сынып оқушысы:
Алғаш рет оятқан. Алғаш рет ұстатқансың қаламды, сол үшін 
 түсірдірген жақсы мен жаманды. 
Білім беру басқармасының тапсырмасымен өткен өзін өзі басқару оқушылар үшін және де ұстаздар үшін де қызықты өтті. Тақта алдында сабақ өткізіп, білім берген оқушылар  болашақта  ұстаздық жолды таңдауы да мүмкін. 

 Әйгерім Тоқпанқызы