Мәшһүр Жүсіп – қазақ мәдениеті мен тарихындағы ірі тұлға. Ғұламаның еңбектерін насихаттау, жастар аарсында дәріптеу бүгінгі міндет. Осыған орай қалалық МәшҺүр Жүсіп оқулары ұйымдастырылып, оған 15 пен 35 жас аралығындағы қала тұрғындары қатысты. 
 
Дәстүрлі шара биыл 12-рет ұйымдастырылып отыр. Әйгілі ақын әрі ғалымның шығарашылығын білуге деген құштарлық жастар аарсында жыл сайын артуда. Тиісші жас буынның шығармашылық қабілетін дамытып, олардың танылуына мүмкіндік сыйлау – Мәшһүр Жүсіп оқуларының алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі. 
Мейрам Нұғыман, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі:
Конкурсымыздың бір ерекшелігі сол конкурс бүгін өтсе, ертең Мәшөүр Жүсіп кесенесіне барып зиярата етеді. Музейіне барып, жәдігерлерімен танысады. Шығармашылығын танысқан адамға туған жеріне, жүрген жеріне апарып, тереңірек танысуға мүмкіндік береміз.
Биылғы сайысқа 30-ға жуық тұрғын қатысты. Олар ақынның қлеңдерін жаттап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, арнау өлеңдер жазып сайысқа түсті. 
Лена Бодаухан, қатысушы:
Барлық өлеңді жаттадым. Шығмарны жаттадым. Осы сайысқа үшінші жыл қатарынан қатысып келе жатырмын. Біздің мектепте де осындай шаралар ұйымдастырылып тұрады. Осындай үлкен тұлғаның дәріптлеуі үлкен жақсылық деп ойлаймын.
Сайысқа 15- бен 35 жас аралығындағы тұрғындар қатысты. Олар ақынның шығармашылығы жастарға әрқашан рухан нәр екендігін айтады. 
 
Жанасыл Серікбол