Әлемде геосаяси жағдай құбылып тұр. Бұндайда әр ел әуелі ішкі ынтымағын нығайтуға тырысады. Этносаралық мәселерді ушықтырмай, берекесін артыруға күш салады. Бүл тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарына артылар жүк мол. Жалпы бұл мәселе ресми ақпарат құралдарына қалай жазылуы керек? Осы тақырып төңірегінде Шымкент қаласында республикалық семинар өтті.  
 
«Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған шара биыл екінші рет өтіп отыр. Алғаш рет Ақмола облысында ұйымдастырылған екен. Осы жолы Алматы қаласы, Атырау, Абай, Павлодар, Ұлытау, Түркістан, Қостанай, Ақмола сияқты өзгеде өңірлерде журналисттер келді. Басты тақырып – біреу. Этносаралық мәселерді жазудың өзіндік ерекшеліктері.
Нұрхат Ораш, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары:
Этнос аралық қатынастар саласы өте нәзік сала. 60 тан астам журналист 15 өңірден келді.
15 өңірден келген республикалық және өңірлік ақпарат құралдарының өкілдері өзара пікір алмасу және әр түрлі шеберлік сағаттары мен зерттеу нәтижелеріне де құлақ қойды. Бүгінгі уақыттағы ақпараттың берілу және таралу ерекшеліктері жайлы құнды пікірлер айтылды. 
Юлдаш Молотов, «Уйғур авази» газетінің бөлім меңгерушісі:
Біздің газеттің мақсаты еліміздің қоғамдағы тыныштықты сақтау, жастарды қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу. Ассамлблеяның жұмысына жастарды тарту керек. Ақпаратты берудің жаңа тәсілдері керек.
Қазіргі таңда ресми ақпарат құралдарында жарияланған мәтіндерде де этносаралық мәселені ушықтыруы мүмкін өшпенділік тілі кездесіп қалатындығы да айтылды. Ал, одан айрықша сақ болмақ керек. Бұндайда журналисттің әуелі, моральдық, сосын, этикалық ұстанымы маңызды. 
Жансерік Тілеухан, «MEDIANET» халықаралық журналистер орталығының сарапшысы:
Кез-келген бір ұлтаралық қақтығыс кезінде жаупкершілік міндеттіә түрде журналисттерге артылады. Яғни, ақпаратты қалай таратамыз.
Ал, фек ақпараттар, онымен күресудің жолдары, өшпенділік тілінің белгілері, этносаралық терминдерді дұрыс қолдану сияқты тақырыптар жөнінде баяндамалар оқылып, қатысуылар пікір алмасты.