Облыста вирустық инфекция өршіп тұр. 1 қазаннан бастап 16 қарашаға дейін 12 мың адамнан жұқпалы ауру анықталды. Бүгінде стационарда вирус жұқтырған 219 бала ем қабылдап жатыр.


12 мың адам бұл тек дәрігерге дүгінгендер. Науқастардың көбі жұқпалы дертті үйде емдегенді жөн көреді. Сөйтіп, ауруын асқындырып алғандар көп. Сондықтан ақ халаттылар инфекцияның белгілері анықталған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша емханаға баруды сұрайды. Бүгінде вирустық инфекция әсіресе жүкті әйелдер мен балалар арасында өршіп тұр.

Әсел Байғанова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы инфекциялық орталығы инфекция бөлімінің меңгерушісі:

Жүкті әйелдер бойынша жыл басынан бері барлығы 204 жағдай тіркелген. Бүгінгі күнде 51- і ем алуда оның 39-зі амбулаториялық емде. 12 –сі станционарлық емделуде. Тәулігіне 5 жағдай тіркелді. Павлодар облысытық ауруханасында 40 төсекке арналған инфекциялық бөлімше орналасқан. Яғни онда 1 қазаннан бастап ЖРВИ сезоны басталған 3515 адамда ОРВИ тіркелген. 29 науқас ем алып жатыр. Оның 14-і аяғы ауыр әйелдер.

Қазан айында облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде мыңнан астам бала ем қабылдаған. Ал, қарашаның 23 күнінде 1625 өтініш түсіпті. Балалардың дене температурасы көтеріліп, жөтел, тыныс алуы қиындайды дейді дәрігерлер.

Зере Садақова, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының инфекциялық стационар жөніндегі орынбасары:

Қыркүйек айының соңынан бастап балалар арасында аурудың өсуі байқалды. Вирустық инфекциямен ауыратын балалардың дене қысымы, температурасы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, түспейді. Біз балалардың тыныс алуы қиындаған кезде шұғыл түрде медициналық көмек көрсетеміз.

Өңірде 100 пайыз тұмауға қарсы екпе егу науқаны аяқталды. Дегенмен дәрігерлер ағзада интоксикация болдырмас үшін жиі жылы су ішіп, таза ауа жұтып, дәрумендер ішіп, иммунитетті көтеруге кеңес береді. Сондай-ақ ауруды асқындырып алмай, уақытында мамандардың көмегіне жүгіну керектігін ескертеді.


Әйгерім Тоқпанқызы