Екібастұз қаласындағы №25-ші қазақ қыздар гимназиясы жаңа ғимаратқа көшті. Іргетасы 1993 жылы қаланған білім ошағында бүгінде 350 қыз бала оқиды.


Айриза Шакенова білім алумен қатар мектеп ішінде ұйымдастырылған домбыра, жетіген үйірмелерінің белсенді мүшесі. Білім ошағында өтетін қоғамдық жұмыстарға етене араласады. Мектеп қабырғасында сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған дейді ол.

Айриза Шакенова, 9 сынып оқушысы:

Мен қазақ қыздар гимназиясында 1 сыныптан бастап оқимын. Гимназияда сапалы білім береді. Және онымен қоса тәрбиелік мәні өте зор. Біздің мектепте қосымшалар өте көп. Мысалы, жетіген, домбыра үйірмесі. Тігін тігеді.

Айдана Ақылбек, 5 сынып оқушысы:

Маған көркем еңбек сабағы өте қатты ұнайды. Себебі, мында әртүрлі бисермен айналысып, әртүрлі жұмыстармен айналысамыз. Іс тігіп шаралармен айналысу керек.

Гимназия қазіргі заман талабына сай сапалы білім беріп қоймай, қазақ қыздарына тәлім-тәрбие, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтауды үйретеді. Оқушылар оқуда озат. Жеткен жетістіктері аз емес. 11 сынып оқушысы Сабина Нұрғалиева «Тәуелсіздік ұланы» төс белгісімен марапатталған.

Сабина Нұрғалиева, 11 сынып оқушысы:

Гимназия қбырғасында оқып жүріп жеткен жетістіктерім өте көп. Сөз майданы дебат клубының белді мүшесімін. Республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі тақырыптық дебаттарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрмін. Әдеби оқуларға қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атандым.

25-ші қазақ қыздар гиназиясы көп жылдан бері жеке ғимарат сұрады. Бүгінде мұнда 350 оқушы білім алады.

Назигүл Мұсабекова, №25 қазақ қыздар гимназиясының басшысы:

Биылғы оқу жылында мектебіміз жеке ғимаратқа ие болып., оқушыларымыз мектептің ұстаздары және ата-аналарымыздың қуанышы шексіз. Ғимараттың сиымдылығы 350 оқушыға жоспарланған. Біздің мектебімізде, қыздар әліппесі бағдарламасы негізінде қыз балаларымызға ұлттық тәлім тәрбие берілуде. Бұл бағдарламаның мақсаты бәсекеге қабілеттіөмірдегі мақсатына жете алатын ұлттық құндылықпен сусындаған өмірлік жолын табады деген сенімдеміз.

Келер жылы мектеп 30 жылдық мерейтойын тойламақ. Биылғы оқу жылында 4 шәкірт «алтын белгіге» және 1 оқушы үздік аттестатқа үміткер.


Әйгерім Тоқпанқызы