Екібастұзға Премьер-министр Әлихан Смайылов келді. Үкімет басшысы жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарды аралады. Жылу электр станциясының жұмысын көрді. Премьер-Министр қазіргі уақытта тиісті тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатынын айтты.