Жарылған құбыр, су толы жертөле. Екібастұздағы бірқатар үйлерде осындай көрініс. Тұрғындар болса, жылынатын, түнейтін жер іздеп әлек. Оқиға орнынан Қуандық Танабас тарқатады.


Нина Власова 94 жаста. Ғасыр жасаған Кейуана бізді көре сала көз жасына ерік берді. Апат басталғалы бері қалымды сұрап келген тірі жан болмады дейді. Үйінде жылу жоқ, су жоқ, кейде жарық та сөніп қалады.

Нина әжейдің көршісі Сайран Төлеутаев бір жыл бұрын пәтеріне күрделі жөндеу жасаған. Өткен түнде батареялар жарылып, үйін түгел су басқан.

Мәшһүр Жүсіп көшесі 82ші үйдегі жағдай осындай. Пәьерлер азыгап, Подьездер суықтан мұздап тұр. Тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмейді.

Мәшһүр Жүсіп көшесі 109 шы үйде де дәл осындай жағдай. Батареялардан будақтап бу шығып, үйлер адам тұруға жарамастай күйге айналуда.

Тұрғындар үйлерін тастап кетуден қорқады. Өйткені, сантехник кейпінде жүрген ұрылар көп дейді. Қазір тұрғындардың өздері де іске кірісіп, құбырларды қатып қалудан сақтау ұшін қолдан келгенді жасауда. Үміт жоқ емес бар, екібастұздықтар бұл апатпен жұдықрықтай жұмыла күресуде