Екібастұзға облыстың барлық қала-ауданынан гуманитарлық көмек түрлері, азық-түлік жеткізіліп жатыр. Аққулы ауданының тұрғындары да жерлестеріне қол ұшын созудан қалыс қалмады.


Екібастұз қаласындағы Аманат партиясының филиалында штаб құрылған. Аудан-қалалардан жеткізіліп жатқан жылытқыштар, азық-түлік осы жерден қала тұрғындарына таратылып үлестірілуде. Барлығы белгілі тәртіппен тізіммен жүргізілуде.

Облысымыздың жомарт кәсіпкерлері қолдан келгенше көмек беруде. Жаураған тұрғындарға аққулық шаруа қожалықтары да жылы киімдер, гигиеналық заттар, ет, жылытқыштар жіберді.

Штаб 24 сағат жұмыс істейді. Дегенмен де, жылытқыштар әлі де жетіспеуде. Көмек көрсетуге даяр азаматтар болса, колл ортаыққа забарласуға болады.