Жазғы дөңгелекпен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады. Жаңа ереже бүгіннен бастап күшіне енеді. Полицейлер қыс айларында жазғы доңғалақпен жүретіндер жол апатына жиі түсетінін айтады. Ережені елемегендерге 15 315 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Ережені қайталап бұзған азаматтың ақшалай жазасы еселеп артады.