Табиғатты қорғау, жойылып кетуі мүмкін жануарларды қорғау бүгінде өркениетті қоғамның міндеті. Осыған орай ел бойынша ауқымды акция басталды. Осылайша заңсыз аңшылықтың алдын алу көзделген. 


Желтоқсан айының бірінен бастап Павлодар обылсында «Ақбөкен» акциясы басталды. Шара мақсаты өіңрімізде мекен ететін осынау аң түрінің санын сақтау, брокеньерліктің алдын-алу. Жалпы, бүгінде ақбөкендердің жауы көп. Қайбір жылдары жойылып кетуі де мүмкін жағдайлар болды.

Акция аясында тиісті мекемелер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді де жоспарлап отыр. Табиғатты қорғау қашанда кезек күттірмейтін маңызды мәселердің қатарында. Сондықтан, мамандар бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсукен жөн деп отыр.

Жанат Рахымбеков, «Охотзоопром» РММ филиал басшысының орынбасары:

Өткен көтемде, мамыр айында біз есеп жүргіздік. Қазір Павлодар облысында шамамен 22 мың бас ақбөкен мекен етеді. Келесі жылы көктемде тағы да санақ жүргізетін боламыз. Сол кезде нақты саны көбейеді деп ойлаймын.

Павлодар облысында ақбөкендер Баянауыл, Май, Ақсу аудандарында мекендейді.


Жанасыл Серікбол