Павлодарда Дәулеткерей Шығайұлының шығармашылығына арналған мәдени кеш өтті. Шарада əйгілі күйші-сазгердің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы айтылды.


Кездесу музыкалық колледжде өтті. Жас әртістерге Дәулеткерей күйлерінің құрылу тарихы және оны орындау техникасы айтылды.

Ермек Жұматов, ақсақалдар тағылымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Бүгінгі күні балалар жақсы бір мәртебе алды, үлгі алды деп есептейміз. Бздің мына ақсақалдар тағылымының түсініктемесі ол үлгі беру, жақсылықты үйрету, соны жеткізу.

Мұндай кездесулер студенттерге қазақ даласының үнімен, тарихымен жақын танысуға септігін тигізеді. Кездесуде туындыларды талдауға баса назар аударылды. Студенттердің айтуынша, өскелең ұрпақ үшін мұндай кездесулердің маңызы жоғары.

Нұрбол Қаратай, студент:

Кез келген күйді орындаудың алдында күйдің шығу тарихын білу міндетті болу керек. Өйткені олсыз күйді тыңдарманға жеткізе алмайсын.

Шара соңында домбырашылар ансамблі көпшілікке «Керұғлы» күйін орындап берді.


Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров