Екібастұзда үйлері жылудан ажыратылған тұрғындар уақытша пана іздеуге мәжбүр. Бос қалған үйлер ұры-қарылардың оңай олжасына айналуы мүмкін. Тұрғындар осыдан қорқады. Алайда, тәртіп сақшылары 24 сағат кезекшілік құрып, әр үйді күзетуде.


Үйлерінде жылу мен су жоқ, арагідік электр қуаты да өшетін болған соң екібастұздықтардың көбі туыстары мен жақындарының үйлерін паналап жүр. Бірақ Бос қалған үйлерге ұры қаралар қызығады ма деп қорқады. Мәселен, кешелі бері Екібастұзда мородерлік оқиғалар болып жатыр деген фейктер тарап кеткен. Бірақ, жергілікі полиция өкілдері бұны жоққа шығаруда. Екібастұзда жағдай тұрақты дейді.

Қазір полицейлер күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Әр ауданда әр аулада тәртіп сақшыларя кезекте тұр

Қазір Екібастұзда қалыптасқан жағдайға қатысты жалған ақпараттар көптеп таралуда. Өкінішке орай, тұрғындар ресми емес ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге нанып қалуда. Сондықтан билік өкілдері барлық ақпаратты ресми көздерден алуды ескертуде


Қуандық Танабас