Павлодарға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі жұмыс сапарымен келді. Серікқали Брекешев жергілікті азаматтық қоғам және коммерциялық емес ұйым өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан шаралар төңірегінде баян етті. Министрлің сөзінше Павлодар облысының экологиясын жақсарту мақсатында бірнеше шара жоспарланған.


Тұрғындармен кездесу барысында министр Серікқали Аманғалиұлы Павлодар облысының экологиясын жақсарту жолында 33 шара жоспарланғандығын атап өтті. 33-тің 10 шарасы бүгінгі таңда іске асты деді. Көбі өңіріміздегі ірі кәсіпорындардың энергоблоктары мен мұржаларын қайта қалпына келтіру жұмыстары.

Қоқыс үйінділер қатты тұрмыстық қалдық полигондарының болмауынан пайда болды деп атап өтті министр. Ел бойынша 300-ден астам полигонның бір пайыздан астамы ғана пайдалануға жарамды екен. Ал, тұрғындар арапынан әр түрлі бағыттағы, бүгінг таңдағы мәселесі ереңге кетен сұрақтар қойылды.

Серікқали Брекешев басқаратын министрлік тек экологияға ғана емес, геологиялық барлау саласына да жауапты. Павлодарда аталмыш сала бойынша да бірқатар жобалар бар. Оның арнайы брифинг барысында баян етті.

Ал, су шаруашылығын қауіпсіз пайдалану, су басуды болдырмау мақсатында бұл саланы қайта жаңғыру және цифрландыру жобасы іске асатындығын атап өтті министр. Десе де облыстың басты мәселесі экология екен мәлім. Бұл тұрғыда облыс тұрғындарының үміті жаңа экологиялық кодекс аясынла қабылданған «Жасыл Қазақстан» жобасында.


Жанасыл Серікбол