Ақсуда «Туған қалам» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған авторлар да, тұрғындар да айрықша ат салысты дейді ұйымдастырушылар.


Қаланы дамытығу баршасы ат салыса алады. Жобанның негізгі мақсаты да, міндеті осы. Туған қалаларының болашағына бей-жай қарамайтын жандарға қала әкім алғысын білдірді.

Нұрлан Дүйсенбинов, Ақсу қаласының әкімі:

Қаламыздың әл-ауқатын біз бірге артыра аламыз. Биыл Ақсу жағалауы қалыпқа келді. Енді қаламыздың өзге де орындарын гүлдендіруді мақсат етіп отырмыз. Әуелі мердігерлерге алғыс айтқым келеді.

Туған қаланы дамытуға арналған жобаға Ақсу тұрғындары белсене қатысқан. Бастапқы кезеңінде 100-ге жуық жоба келіп түскен. Оның ішінде 60 автор өздерінің кәсібиліктерін көрсете біліпті. Ал, 22 жоба дауысқа түсіп, солардың ішінде 14-і мәреге жетті.

Сергей Гуляев, «Туған қала» жобасының жетекшісі:

Ақсу тұрғындары белсенділікпен дауыс берді. Өткен жылмен салыстырғанда белсенділік те, бәсеке де жоғары болды. Тартысқа толы болғандығына өздеріңі де куәсіздер. Бүгін міне баршалырыңыздың алдыңызда туған қалаларының гүлденуі үшін ерекше жобаларды ұсына білген жеңімпаздарды марапттау үшін жиналып отырмыз.

Жоба «Еуаразияттық энергеткикалық корпорациясын» демеушілігі арқылы іске асуда. Жиын барсында жеімпаздар қала әкімінің алғыс хатымен мараптталды.

Асыл Әміров, «Боча ойын алаңы» жобасының авторы:

Туған қала проектімде менде уже екінші жоба. Ол бочаға арналған орын. Сол боча ойыны Қазақстанда қарқынды дамып жатыр. Қазақстан Республикасының чемптнаттары өтеді. Бүкіл қалаларында.

Осылайша келесі жылы Ақсу қаласында тұрғындардың бастамасымен, дауыс беруімен таңдалған 14 жоба іске асады.


Жанасыл Серікбол