Павлодарда бокстан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ұлттық құрамаға еңу үшін әр өңірден барлығы 198 боксшы бақ сынасады.


Ұллтық құрама спортшысы атану үшін чемпионатта 20 команда бас қосты. Бұнда кіл мықтылары анықталады. 198 спортшы ішінен 50-і ғана іріктеледі. Чемпионат Халықаралық бокс федерациясының ережелері бойынша өтіп жатыр. Үш минуттан тұратын үш раунд.

Қайрат Сатжанов, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

Ең күшті санат 63,500 келі. Бұл салмақ дәрежесінде өте жақсы. Боксшылар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан чемпиондары, Азия чемпиондары және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері. Бұл салмақ дәрежесінде ең мықты спортшылар жиналды.

Боксшылар бір-бірінің спорттағы техникаларын да зерттеп үлгерген. Айтуларынша, бұған дейін өзге де жарыстарда бақ сынасқан көрінеді. Шымкенттік спортшы Жанарыс Орынбай ақтөбелік қарсыласымен екінші мәрте кездесуіп отыр.

Жанарыс Орынбай, боксшы:

Негізі қалай ойнайтынын, ол бала жайлы білетінмін. Сонын арқасында және бапкерлермінің, тренерім Ходжиев Құрбанның арқасында, айтқан тәсілдері арқылы жеңіске жеттім. Осы жеңісімді Ходжиев Құрбанға және Нұрболат ағайыма рахметімді айтамын.

Павлодар облысында соңғы 10 жылда боксты дамытуға баса мән беріліп отыр.

Атап өтейік, бұл чемпионаттың барлық жеңімпазы мен жүлдегері бокстан елдің ұлттық құрамасына кіреді. Ал, келесі жылы Әлем және Азия чемпионатына жолдама алады.


Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров