Ақтөбеде 700 орындық драма театры ашылады. Сондай-ақ, 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек. Өңірге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысына облыс әкімі Асхат Шахаров осылай деп есеп берді. Президент аймақтағы бірқатар маңызды әлеуметтік нысан мен өндіріс орындарын аралады.

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. Президент жұмыс сапарын Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жаңадан іске қосылған «Болашақ» шахтасында бастады. Жобаға 1 трлн теңге қаржы тартылған.

 «БОЛАШАҚ» ШАХТАСЫ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОБА

СЕРГЕЙ ПРОКОПЬЕВ, «КАЗХРОМ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

 Біз үшін бұл стратегиялық маңызы бар жоба. Әрі Хромтау тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Мұнда тау-кен және геологиялық жағдайлар өте күрделі. Сондықтан шахтаның құрылысында әлемдік жетекші компанияларды көмекке шақырдық. Өнеркәсіптегі қауіпсіздікі қамтамасыз етуде бұрын қолданылмаған жаңа әдістерді енгізудеміз

Ал кен қазу ісі жаңа технологияның көмегімен іске асады. Яғни, шахтада автоматты режимде бұрғылау қондырғысы мен жер үстін қашықтан басқару жүйесі орнатылған. Өнеркәсіпте 1800 адам еңбек етеді. Соның бірі – 20 жылдық тәжірибесі бар Ерлан Битанов.

  ЕРЛАН БИТАНОВ - «ДӨҢ» ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҰҢҒЫЛАУШЫСЫ, БРИГАДИР

 Әрине, бұл жерде ерекше жігер, жауапкершілік, жұмысқа деген сүйіспеншілік керек Заманауи техникалармен жабдықталған. Ондай техниканың болуы еңбек қауіпсіздігін арттырады. Бұл жаңа деңгей. Ары қарай шахтада жұмыс істейтініме қуаныштымын.

Бұдан соң, президент жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды. 45 жылдық тарихы бар білім ордасы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына маман даярлайтын жалғыз кәсіптік колледж. Қазір мұнда 1200-ге жуық студент кенші, ұңғылаушы, слесарь секілді мамандықтар бойынша оқып жатыр.

БАҒДАШ МОЛДАШЕВА, ХРОМТАУ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

 Мамандықтары өте қиын. Еңбек кодексіне қарағанда 18-ге толмаған балаларды жердің астына жібермейді. + Сондықтан біздің аудиторияларымыз жабдықталған. Имитация шахтаның полигоны бар, бізде тренажер стимулятор бар. Соның бәрі біздің балаларға үлкен көмек пен мүмкіндік береді. Өз мамандығын 100 пайыз игеріп, алып шығуға.

Мемлекет басшысы алдағы «Жұмысшы мамандықтары жылы» отандық өнеркәсіпті қолдауға баса назар аударылатынын атап өтті.