Келер жылы Май ауданындағы Баскөл мектебі күрделі жөндеуден өтеді. Білім ошағында толық жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осы ретте облыс әкімі Асайын Байханов қаражатты тиімді пайдалануға шақырды.
Қазір Баскөл ауылындағы Амангелді Иманов атындағы мектеп-лицейінде 129 бала білім алады. Оның ішінде шағын орталықтың 30 тәрбиеленушісі бар. Шағын орталықтың бір тобы ағымдағы жылы ашылды. Былтыр 14 бала оқыды. Жобалық қуаты – 356 орын. Мектепте барлығы жоғары білімі бар 25 мұғалім жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2025 жылы күрделі жөндеу жоспарланған. Оның құны 506 миллион теңгені құрайды.
ГҮЛСИМА АХМЕТОВА, А.ИМАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Күрделі жөңдеу жұмыстарына ішкі әрлендіру, жылыту жүйесін ауыстыру, бейнебақылау және өрт дабылын орнату, асханадағы, мәжіліс залындағы, спортзалдағы шатырды, электрмен жабдықтауды ауыстыру, спорт алаңдарын абаттандыру және салу, қоршаулар, төсеніштер орнату кіреді. Соны жасайды.
Директор бұл мектепте 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектеп басшысының сөзінше, білім ошағында 1967 жылдан бері өзгермеген жылу жүйесі ауыстырылады. Сондай-ақ, 2009 жылы асханада қосымша құрылыс салынған. Бүгінде оның іші – салқын.
ГҮЛСИМА АХМЕТОВА, А.ИМАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Содан кейін Мектепте температура қалыпты. Аязды және желді болған Содан кейі .кезде жылыту құрылғылары қосылады. Соны жосапралап отырмыз.
Сонымен, білім ошағының іші салқын екенін мектеп директоры жасырмады. Мәселені шешу үшін жылытқыштар қоятынын айтты. Келер жылы мында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Аймақ басшысы өз кезегінде жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды тапсырды.
Самал Қалиқызы