Қазақстан мәслихатына 30 жыл. Осыған орай Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Онда жылдар бойы мәслихаттың қызметіне үлес қосқан азаматтар марапатталды. Толығырақ келесі сюжетте.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңы қабылданды. Осылайша жергілікті мәслихаттардың өкілеттілігі бөлінді. 1994 жылдан бастап мәслихаттар өз жұмысын бастады. Содан бері Егемен Қазақстанның өкілді билік органдарының қызметі есептеледі. Мәслихат - отыз жыл ішінде еліміздегі қоғамдық өзгерістермен бірге дамып, жетіліп келеді. Қазір заман талаптарына сай жұмыс істеп, оңтайлы шешімдерді қабылдауға қабілеттілігін айтарлықтай арттырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өздеріңіз білетіндей қоғам әрқашан өзгеріс пен реформаларды талап етеді. 30 жыл бұл аз уақыт емес. бүгінгі өткенді анықтайтын уақыт. Отанымыз соңғы жылдары саяси жаңғыруға бет алды. Мемлекет басшысы 6 пайыздық экономикалық өсімді тапсырды. Бұл жолғы конфренция жай іс шара емес. Ерекше жиын. Керек екені анық, алдағы уақытта да жұмыс қарқыны тиісті деңгейде болатынны сенемін. Ортақ ісімізге сәттілік тілеймін.

Саяси өзгерістер өз жемісін беріп жатыр. Сайланған депутаттар халыққа етене жақын еңбек етуде. Тұрғындардың пікірі мен көтерген мәселеріне мойын бұрып, тиісті тұжырымдар жасау негізгі міндетке айналды.

АЛТЫНБЕК НҰХҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Партиялардың өзара іс қимылы аймақтық мәселелерді шешуге консунсуге бағытталған. Павлодарғы партиялар әсіресе жергілікті экономиканың ерекшелігін ескеру маңызды. Жергілікті партиялық белсенділік, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Мәслихат бұқара мен биік арасындағы алтын көпірге айналды деп толықққанды айтуға негіз бар. Бұл мақсатқа жету жолында мәслихат өзі мүдделілік танытып, өзін-өзі өзгертуді қолға алды. Оның жемісін әлібетте әлеумет көреді. Халық бағалайды. Салтанатты шара барысында Қазақстан мәслихатының қызметіне өлшеусіз үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Самал Қалиқызы