Павлодар облысы 97 пайызға ұялы байланыспен, интернетпен қамтылған. Бірақ соңғы кезде баянауылдықтар байланыстың сапасына жиі шағымданатын болған. Оның себебі неде? Тілшіміз айтсын.

Павлодар облысында үш қала мен 300-ден астам ауылдық елдімекен бар. Қазіргі уақытта осы 352 ауылдың 10-ында ұялы байланыс мүлдем жоқ.

АҒЫБАЙ ӘМІРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл Екібастұз қаласындағы Ақши ауылы 35, Қаражар ауылы 78 адам, Көксиыр 111, Мыңтамыр ауылы 120 адам, Ақтоғай ауданы Балтасап ауылы 208 адам, Қарасу 84, Қарабұзау ауылы 49 ауылы, Біржанкөл 52, Шоқтал ауылы 131 адам, Қызылқақ ауылы 251 адам.

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы жүзеге асып атыр. Оның аясында облыста тиісті жұмыстар жүруде.

АҒЫБАЙ ӘМІРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2019-2024 жылдары жалпы облыста 20 елдімекенде ұялы байланыспен қамтылды. Бүгінгі таңда жалпы көрсеткіш 97,1 пайызды құрайды. Алайда өздеріңізге мәлім ұялы байланыс, интернет жалпы сапасы бойынша көп шағымдар түсіп жатыр. 352 ауылдың 343-інде мобильдік интернетпен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда шағымдардың басым бөлігі Баянауыл ауданының тұрғындарынан түседі екен. Оның басқарма басшысы ауданның географиялық орналасуымен байланыстырып отыр.

АҒЫБАЙ ӘМІРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Байланыс операторлары бізде барлығы сымдық байланыс. Олар мобильдік және сымдық болып екіге бөлінеді. Жылдамдығын қазір біз білмейміз. 2025 жылы осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Біз оның ақшасын төмендетеміз.

Келесі жылы облыстың 86 мектебінде байланысты қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Себебі кей елдімекендерде құрылғылар тиісті аумақтарға орнатылмаған.

АҒЫБАЙ ӘМІРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Базалық станцианы қою үшін жергілікті атқарушы органдар өздері қою керек. Кей уақытта ыңғайлы деп шетке қойып жатқан уақыттар бар. Сондай жағдайлар бар.

2025 жылы өңірде халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар бойында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын орындау үшін 12 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарлануда. Олар «Павлодар-Астана», «Павлодар- Қарағанды», «Павлодар-Өскемен-РФ» жол бағыттары бойынша орнатылады.

Самал Қалиқызы