Демалыс күндері Павлодарское ауылында ерекше жарыс өтті. «Ақпан бораны – 2025» атауымен өткен шара шаналарға жегілген иттер сайысына арналды. Бұл дода Қазақстан чемпионаты аясында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қысқы спортты дамытуға арналған.Жарысты Қазақстандық спорттық шаналы иттер федерациясы ұйымдастырды.
Қатысушылар бірнеше санат бойынша сынға түсті. Олар 2, 4 және 6 ит жегілген шанамен жарысты. Сонымен қатар, скиджоринг сайысы да ұйымдастырылды. Онда спортшылар шаңғымен сырғанап, итпен жүгірді. Жарыстың тағы бір ерекшелігі – балалар мен жаңа бастаған қатысушыларға арналған бөлек жарыс қарастырылды.
ТАИСИЯ ПРИХОДЬКО, ҚАТЫСУШЫ
Бүгін мен итіммен бірге «Happy Dog» жарысына қатысып отырмын. Менің итім 18 айдан бастап жарыстарға қатысады. Жүлде ретінде көбінесе кәмпиттер мен ойыншықтар аламын, медаль сирек берілетін. Күшігім жүлделі орындарға ие болып, мадақтама қағаздармен марапатталады.
Жарыс қорытындысы бойынша ең төзімді иттер мен олардың иелері медальдар, мадақтама қағаздары және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сабина Жолдаспаева