Былтыр қараша айында Павлодардағы банк бөлімшесін тонаған күдіктілер Ресей аумағында ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті хабарлады.
Полицияның мәліметінше, ұсталған Ресей азаматтарына қатысты соттың шешімімен қамауға алу санкциясы қолданылған. «Халықаралық келісімдер аясында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп, жедел-тергеу тобын құрды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі .Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы қарашада қаламыздағы банк ғимаратының қабырғасын ойып, ұрылар алтын бұйымдар мен ірі көлемдегі ақшаны тонап кеткен. Сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр.