Облыс орталығында 2005 жылы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер үйі» ашылған еді. 20 жылда шипажайда 1500 тыл еңбеккері мен 156 соғыс ардагері ем қабылдаған. Қазір қазыналы қариялардың игілігіне берілген орталықта медициналық көмектің 30 түрі көрсетіледі. Толығырақ тілшіміз Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.
Қарттармен мүгедектігі бар адамдарды оңалтудан өткізіп, әлеуметтік қызмет көрсететін «Ардагерлер үйі» облыс орталығында Зеленая роща 4 мекен жайында орналасқан. Біз шипажайға барған уақытта зейнеткерлер ем-дом қабылдап, бос уақытын орталықта жұмыс істейтін үйірмеге барған. Қазір мында 80 адам емге шипа алып жатыр.
МҰСА ТЮЛЮБАЕВ, «АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мұнда тек соғыс ардагерлері ғана емес. Тылда жұмыс істеген қарттар месе. Ауған соғысына қатынасқан ағаларымыз. Одан қалды Чернобыльда қиыншылық көрген мүгедектеріміз бар. 70 тен асқан қарттарымыз демалады осында. Демалыстың 30 шақты медициналық көмек береміз. Оның ішінде толық қамтитын болсақ. Массаждан бастап, әр түрлі физиолечение
Қариялар мында 12 күн демалады. Бір жылда орталық 25 қабылдау жүргізеді. 2 мыңға жуық адам демалып шығады. Бұнымен қоса күндізгі бөлім бар. Онда 40 адам емделеді. Павлодар қаласының тұрғыны, 86 жастағы Дариға апамыз жыл сайын оңалту орталығына келіп, сауығады.
ДАРИҒА ҚАЛДАНОВА, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ (ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ)
Тоғыз баланың анасымын. Әр балам Шымкентте, Таразда, Ақтауда. Соларға барып қайтамын. Жылда бір бір реттен. Балаларым құдайға шүкір әрқайсысы бір бір үй. Солардың арқасында ардагерге келіп демалып тұрамын. Мында демалғанда бәрі жақсы. Тамақтары да жақсы. Күтімдері де жақсы. Барлық условиялары қойылған.
Сексеннің сеңгірінен асқан әжей бос уақытында көрпе тігіп, орталықтың қоғамдық жұмысына қатысады. Ән айтып, спорт залға барады. Ал 90 жастағы Еңбек ардагері Алексндр Чернов, ем қабылдаудан бөлек, хорда ән айтқанды ұнатады.
АЛЕКСАНДР ЧЕРНОВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ (ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ)
Мен 1941 жылы 6 жасымда еңбек ете бастадым. Аққулы ауданында туып,өстім. Күндіз өгізбен жер жыртып, түнде сабақ оқитынбыз. Оқу орнын аяқтағаннан кейін шопыр болып еңбек еттім. Мында міне 6 шы жыл емделіп келемін. Тыл еңбеккері болғандықтан мені кезексіз қабылдайды. Маған бәрі ұнайды. Ем алып қайтамын. Дәрігерлер де білімді, өз ісін жақсы біледі. Алғысымды білдіремін.
Еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер орталықтағы әрбір күнін таңертеңгі жаттығумен бастайды. Бой сергітіп болған соң дәрігерге қаралып, массаж алады. 90 жастағы Валентина Петина биыл оңалту орталығына алғашқы рет келіп отыр.
ВАЛЕНТИНА ПЕТИНА, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ (ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ)
Мен тыл еңбеккерімін. Соғыс жылдары 5-6 жасымыздан еңбек ете бастадық. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еттім. Ол кезде 6 ай үзбей жұмыс істейтінбіз. Одан кейін қорғасын зауытына орналастым. Сол жерден зейнеткерлікке шықтым. Еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Биыл осында бірінші рет келдім. Көңілімнен шығып отыр. Дәрігерлер мен медбикелер өте мейірімді, жылулығын жаудырады. Буындарым қақсайтын, ем жүргізді. Қазір жақсы болып қалдым.
Ардагерлер үйіне 70 жастан асқан кез келген зейнеткер тегін ем қабылдай алады. Бұл үшін қала әкімдігінің Кривенко 25 мекен жайына барып, кезекке тұру қажет. Ал тұрғылықты мекен жайы бойынша дәрігер тексеруінен өтіп, тиісті құжат дайындау керек.
Әйгерім Тоқпанқызы