Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңы мен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай Павлодар гарнизоны арасында алғаш рет волейболдан жарыс өткізілді. Оған 6 команда қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Төзімділікті ғана емес, сонымен қатар команданың әр мүшесінің тактикалық күш-жігерін қажет ететін ойынға 55112. 6679, 99225 әскери бөлімдері, шекара қызметі мен аумақтық әскерлер және ауған соғысының ардагерлері қатысты. Волейболдан мұндай жарыс Павлодар гарнизонында алғаш рет ұйымдастырылды.
СӘКЕН ШЫРЫНХАНОВ, ПАВЛОДАР ГАРНИЗОНЫ БАСШЫСЫ, 99225 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ
Мақсаты жастарды спортқа баулу, еліміздің жауынгерлік дайыдығын және әскерлердің құрметтеп-көрсету. Және Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым етіп, жастарға соны көрсету. Павлодар горнизонының жұмыстары бұл еліміздің тұрақтылығы, шекарамыздың берікті, жастарды баулып әскерге, және еліміздің қауіпсіздігі боп табылады
Бұқаралық спорт өңірде кеңінен насихатталып келеді. Әсіресе бұл ойында Ауған соғысының ардагерлерде белсенділік танытқаны қуантты. Олардың көбі жастық шағында спорттың бұл түрін шебер меңгергендер. Сондай-ақ мол тәжірибе жинаған жандар. Команда намысын лайықты қорғауға әзір екендерін айтады.
МЫРЗАБЕК АБРАЕВ, ВОЛЕЙБОЛДАН АУҒАНСТАН АРДАГЕРЛЕР КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ
Бүгінгі ойынға қонақ ретінде қатысамыз, дайындық жақсы. Өте жиі ойнаймын волейболды, өзіме ұнайды. Енді бүгін жастар көп, біраз қиын болуы мүмкін.Бастысы жеңіс емес, қатысу деп білеміз
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аға буын спортшыларының қатысуымен өтетін мұндай жарыстар жастарға үлгі болмақ. Салауатты өмір салтын дәріптеуге зор ықпал етеді.
ҚАДЫРЖАН СӘРСЕНБАЕВ, 99225 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ СЕРЖАНТЫ
Мен өзім 99225 бөлімінен, 8 адам келді қатысуға. Осы ауған соғысы ардагерлерінің көмегімен Павлодар гарнизонында бірінші рет әскери бөлімдер арасында өткізіп жатырмыз. Осы күнге дейін ардагерлер мен мектеп мұғалімдерімен де ойнадық, дайындығымыз жақсы, ек бірінші орын алуға үміттенеміз
Спорттық сайыс тартысты өтіп, барлығы шеберліктерін көрсетуде аянып қалған жоқ.Ойын соңында командалар жүлделі орындар марапатталып, ауыспалы кубок табысталды.
Қымбат Садық