Бұдан соң, Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады. Кездесуде мемлекеттік қызметті цифрландыру және eQyzmet жүйесі туралы баяндалды.
Кадрларды автоматты түрде іріктеу үшін үміткерлердің жеке және кәсіби дамуын ескеретін цифрлық рейтинг іске қосылды. Биыл жүйеге 2400 ұйым мен 500 мың қызметкерді қосу жоспарланып отыр. Президент «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуге және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін HR-эчэйр құралдарды белсенді енгізу қажет екеніне назар аударды.
ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазір мемлекеттік қызметте дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін заң жобасы әзірленіп жатыр. Оның аясында бірыңғай кадр жүйесін масштабтау, ерте кәсіби бағдар беру институтын қалыптастыру, адам ресурстарында жасанды интеллекті мүмкіндіктерін қолдану, мемлекеттік қызметкерлер үшін гаризонталды өсу мүмкіндіктерін енгізу жоспарлануда