Павлодар облысында биыл егіс алқаптары ұлғайды. Өткен жылмен салыстырғанда 101,3 мың гектарға артық. Бұл дәнді, майлы және жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту есебінен өсіп отыр, деді жауапты басқарма басшысы.
2025 жылғы егіс науқанына дайындық барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Дощанов баяндады. Биыл 1 665,6 мың га егіс алқабына тұқым себіледі және бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,3 мың гектарға артық. Аталмыш көрсеткіш дәнді, майлы және жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту есебінен өсіп отыр.
ДАРХАН ДОЩАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Суармалы жерлердегі егістік алқабы 82,1 гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар 13700 гектар, майлы дақылдар 3700 гектар, жем шөп дақылдары 34500 гектар, картоп 22,7 гектар, көкөністер 7500 гектар. 29,9 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Жалпы егістік алқаптарын 280 мың гектарға дейін жеткізуге мүмкідік береді.
Биыл егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру майлы дақылдар алқаптарын 25,9 мың гектарға және қарақұмық дақылдарын 5,3 мың гектарға ұлғайтуға бағытталған. Сондай-ақ, тұрақты жем-шөп базасын құру жұмыстары жүргізілуде. Осы дақылдарға бөлінген алқаптар 46,5 мың га ұлғайтылып, 292 мың га дейін жеткізіледі.
ДАРХАН ДОЩАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Маңызды мәселелердің бірі тұқым мәселесін қамтамасыз ету. 2025 жылғы егінге 164,5 мың тонна тұқым сақталған. Жоғары сапалы 48 мың тонна, бірінші репродукциялы 8600 тонна, 2 репродукциялы 68600 тонна, үшінші репродукцияға 21 мың тонна. Қазіргі уақытта тұқым себу сапасы мен байқау өткізілуде.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 27,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылдан 1,9 мың тоннаға артық. Операторлық қызметтерді ескере отырып, арзандатылған дизель отынының құны тоннасына 291 мың теңгені немесе литріне 244 теңгені құрады, бұл нарықтағы бағадан 51 теңгеге арзан.
ДАРХАН ДОЩАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Павлодар тәжірибелік ауыл шаруашылығы станциясы» ЖШС облыс аудандары бөлінісінде егіс науқанының 5 мамырдан 3 маусымға дейінгі оңтайлы мерзімін әзірледі. Дәнді дақылдарды жаппай егу мамыр айының екінші онкүндігінде басталады. Ерекше бақылауында.
Осы ретте облыс әкімі Асайын Байханов қалалар мен аудандардың әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасына: техника дайындығын және тұқымдарды тексеруді аяқтауды тапсырды. Егіс жұмыстары басталғанға дейін 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған жанар-жағармайға ақы төлеуді және алып кетуді уақтылы жүргізу, минералды тыңайтқыштар енгізу жөніндегі Жол картасының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Самал Қалиқызы