Павлодарда облыстық мәслихаттың XIX сессиясы өтті. Онда сумен жабдықтау, әлеуметтік бастамалар мен жер комиссияларына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Толығырақ тілші материалында.

Сессиядағы негізгі мәселелердің бірі облыстағы баламасыз топтық және жергілікті су жүйелерінен халыққа ауызсу жеткізу үшін төлем мөлшерін бекіту болды. Сонымен 1 текше метр үшін 30 теңге, ал жергілікті сумен жабдықтау үшін 1 текше метрі үшін 185 теңге келісілді. Бұл шешім аймақ тұрғындарын тұрақты сумен қамтамыз етуде маңызды рөл атқарады.

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осылайша ауызсумен жабдықтау қызметтерінің құнын арзандатуды облыстың екі қаласы мен ауылдық аймағы және сегіз аудан тұрғындары алады. Жоғарыда баяндалған негізінде облыс халқы үшін ауызсу қзыметтерін арзандату мақсатында сіздің қааруыңызға төлемақы мөлшерін бекіту мәселесі шығарылды, қолдауыңызды сұраймын

Сондай-ақ, депутаттар 2022 жылғы 4 қарашадағы облыстық мәслихаттың шешіміне енгізілетін өзгерістерді қарады. Бұл Екібастұз қаласындағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық құруға қатысты болды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып, әлеуметтік осал топтарды қолдауды күшейтуге бағытталып отыр.

АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл жоба объективті себептерге байланысты енгізілген. Ең біріншіден қызмет алушылардың мерзімінен бұрын кетуі, қызмет алушылардың денсаулық сақтау ұйымдары мен стационарлық типтеріне жатқызу. Сондықтан 2024 жылдың қорытындысы бойынша жоспарындағы 4176336 млн.теңгенің жосапр бойынша нақты орындалуы 41 млн 562 мың 670 теңгені құрайды. Пайданылмаған сомма көлемінде 200 мың 366 теңге көлемінде бюджет есебіне қабылдау қажет

Сессияға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Ол депуттардың жұмысын оң бағалады. Айта кетейік, өңірімізде 121 ардагер бар.

РЫМТАЙ ШӨКЕЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Біздің ветерандардың барлығы 8 микрорайонға бөлінген, оның өздерінің депуттары бар. Олар бізбен өте тығыз жұмыс істейді. Сіздерсіз бір шара өтпейді, қандай мереке болсын, қандай отырыс болсын, қандай мәселені қарасақ та сіздерге жүгінеміз, сіздер көмектесіп жатасыздар. Сол үшін облыстық ветерандардың атынан көптен-көп рақмет айтқым келеді

Бұдан кейін, облыстық мәслихаттың жұмыс жоспары таныстырылды. Мәслихат аппаратының басшысы басымдық берілетін негізгі бағыттарды атап өтті.Ал қабылданған шешімдер коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтік қолдауды нығайтуға бағытталды.

Қымбат Садық