Павлодар қаласында №1 өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» өтті. Кездесуге мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Олар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қиын да жауапты қызметімен танысып, олардың күнделікті жұмысы жайлы мол мағлұмат алды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Шара барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері студенттерге азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға өрт сөндіру бөлімінің ішкі құрылымы таныстырылып, арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
ДАСТАН НҰРАЛИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД КАДР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Біздің мекемімізге жастар үйінің орталығының 15 адам келіп, міне осындай шара өткізіп жатырмыз. Шара барысында жеткеншіктер арасында біздің өрт сөндіру саласының маңыздылығын және осы бейбіт күннің батырларын осы салада туып жатқанын сол жайында бір конкурстар өзара өткізіп, үгіт насихат жұмысын өткізіп, ертеңгі таңда мүмкін осы тәрбиеленушілер арасында біздің азаматтық қорғау органдарының саласында өз өмірін әрі қарай жалғастырып қалатын үміткерлер бар екеніне сеніммен айтамыз.
Шараның ең қызықты бөлігі – тәжірибелік жаттығулар мен эстафета болды. Қатысушылар өрт сөндірушілер секілді уақытқа қорғаныс киімдерін киіп, шланг жалғап, кедергілерден өтіп, өрт сөндіру техникасын пайдалану жолдарын үйренді.
ЯРОСЛАВ РЯБЫХ, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ
Бізге өрт сөндірушілердің формасын толықтай көрсетіп, киіп көруге мүмкіндік берді. Өрт сөндірушінің қысқаша дайындық курсынан өттік. Барлығы өте керемет болды, маған бәрі ұнады. Досым екеуміз шлангты ұстап көрдік.
Осындай шаралар жастардың өрт сөндіруші мамандығына қызығушылықтарын арттырып, төтенше жағдайлар кезінде өздерін дұрыс ұстауға үйретеді.
Сабина Жолдаспаева