Облыс әкімі Асайын Байханов қытайлық екі компанияның өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында күн шығыстан келген инвесторларға жобаның қуаттылығы таныстырды. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында автокөлік өнеркәсібіне арналған автокөліктірдің алюминий дискілері мен қосалқы бөлшектерін шығаратын кәсіпорын салу мүмкіндігін талқылады.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біздің өңірде өндіріділетін алюминий қайта өндеу, қайта өнім жасауды қуана қуана қарсы аламыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Себебі 250 мың тоннадан алюминий өндірілетін өңірде 15 пайызы ғана өндіріліп, қайта шығады.

Жобаның құны - 50 млрд теңгені құрайды. Өндірістің қуаттылығы жылына 2 млн өнім және 100-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бейджин Джинхайлин Молд Мануфектуринг цо лимитед нарықтағы негізгі ойыншы және өз өнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азияға, Еуропаға, Латын Америкасына және АҚШ-қа жеткізетін Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі. Облыс әкімі Асайын Байханов қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру - бұл жұмыстағы басты басымдық екенін атап өтті. Ол кәсіпорынның болашағын жоғары бағалады. «Бейджин Джинхайлин Молд» компаниясының құрылтайшысы және басшысы Тау Хуачан дөңгелек дискілерін құю және сынау технологиясы, жүк көліктерінің дөңгелектеріне арналған қалыптарды өндіру және экспортқа бағдарланған өнімнің артықшылықтары туралы баяндады.

ТАУ ХУАЧАН, «BEIJING JINGHANLIN MOULD MANUFACTURING CO. LTD» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Алюминий ерітіндісін жаңағы шикізат жасап шығару сияқты жаңағы көліктердің дөңгелектеріне арналған қалыптарды сияқты басқа шикізаттар да істейді. Бұған қытай нарығында осы шикізаттарға үлкен сұраныс бар. Алюминий ерітіндісінің сапасына біз өте мән береміз. Біздің бастапқы мақсатымыз 500 мың дана дискі жасап шығару. Бізге керегі 5000 шаршы метр аумақ керек. Екінші кезекте оны 3 млнға жеткізу ойымыз бар.

Тараптар жобаны жан-жақты талқылауды жалғастыруды және оны іске асыру жөніндегі алдағы уақыттағы қадамдар туралы уағдаласты.

Самал Қалиқызы