Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ақсу қаласында еңбек тәрбиесінің маңыздылығы тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Жастар арасындағы ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу» тақырыбында студенттермен семинар-тренинг өтті. Толығырақ әріптесім тарқатсын.

Бас қосу Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Бұл шараға Ақсу қаласы мен ауылдық округ әкімдері, мектеп басшылары және жергілікті қоғам белсенділері қатысты. Басты тақырып еңбек тәрбиесінің маңыздылығы.

ДИНАРА ТАСТАМБЕКОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазақстан халқы Ассамблейясының 30 жылдығы аясында....араздық тілі туралы мәселелер талқыланды

Шара «Этномедиация – этникалық топтар қатысатын қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу тәсілі» тақырыбында жалғасты. Бұнда этикалық кодексінің негізгі ережелері айтылды.

ЭЛЬДАР ЗАХАРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫ» РҚБ ӨКІЛДІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

Этикет – бұл қоғамда қабылданған тәртіп ережелері, ал «ҚазНет этикеті» дегеніміз әлеуметтік желілер мен интернетте өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қалай ұстау керектігі туралы ережелер. Біз барлығымыз білетіндей, егер интернетте де біреуді балағаттасаңыз, бұл заң бойынша 174-бапқа сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Сондай-ақ, Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы колледж базасында студентермен кездесу өтті. Онда жасөспірімдерге практикалық тренинг өткізіліп, қатысушылар түсініспеушіліктен туындайтын түрлі жанжалдық жағдайларды модельдеп, тиімді шешу жолдарын қарастырды.

ВЛАДИМИР БЕРКОВСКИЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ассамблеяның алдында қойған негізгі міндет — бұл тәрбие мәселесі. Неліктен бұл ең басты мәселе деп айтуға болады? Себебі, тәрбиелі адам, толерантты болады, яғни, ол мәдениетті адам. Тәрбиелі адам ешқашан қақтығыс жағдайын тудырмайды

Айта кетейік, Павлодар облысының этносаралық мәселелер саласындағы медиация кеңесінің төрағасы тәрбиенің басты кілті еңбек екенін алға тартып, жасөспірімдердің бос уақытын еңбекпен қамтуды ұсынды.

Байтұрсын Жұмабай