Ақсу қаласында облыстық тәрбиешілер семинары өтті. Педагогтар номері 18 балабақша баазсындағы құзіреттілік орталықта бас қосты. Шараға жиналғандар тәрбие ордасының жетістіктері мен білім мен тәрбие берудегі озық үлгілерімен танысты.
Алдымен әр ауданнан жиналған тәрбиешілерге естелік сый табысталды. Шара осылайша салтанатты түрде бастау алды. Әрмен қарай қонақтар балабақшаның білім мен тәрбие берудегі ерекшелігімен, озық үлгілерімен танысты. Номері 18 балабақша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында көптеген жобаларды іске асырып келеді. Бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланып, құндылығын іске асыру жолында барша ұжым жұмыла еңбек етуде.
ҚАЛИМАШ СЫЗДЫҚОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫ №18 БАЛАБАҚША БАСШЫСЫ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы туралы айтып кетсем. Бұл бағдарлама Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы ең жаңашыл бағдарлама болып табылады. Өйткені, бұл жерде жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық тәрбиені дәріптеу, білім сапасын арттыру бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Осы бағдарлама аясында ата-аналарды білім беру ұйымына біріктіру де зор көмек болды
Ата-аналармен бірлесіп жасап жатқан шаралар семинар аясында кеңінен көрсетілді. Ақсуда ірі кәсіпорындар көп. Тиісінше, ата-аналардың көпшілігі сол кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандар. Семинар аясында олардың әрқайсысы балаларымен бірлесіп мамандықтардың ерекшелігін көрсетті. Тек, жұмысшы мамандықтар ғана емес, өзге де қоғамға аса қажет мамандықтар бойынаш көріністер ұсынылды.
ӘЛІМЖАН САҒЫНДЫҚ, АТА-АНА
Баланың тәрбиесі бесіктен басталады дейді. Бала қалай қалыптасса, өмірдегі ұстанымы солай болады деп ойлаймын жалпы. Бұл жердегі, 18- балабақшадағы бірінші құндылық - дұрыс тәрбие беру. Садиктен жақсы тәрбие берсе бәрі жақсы болады. Бұнда қауіпсіздік ережесінің бәрін үйретіп отыр. Өрт шыққан кезде не істеу керек. Оны да түсіндіреді. Іс-шараларға әрдайым көмектесіп отырамыз
Ақсу қаласында мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін 30 мекеме бар. Оның 15-і шағын орталық, 15-і балабақша. Барлық мекеме «біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыла жұмыс істеуде.
ЭЛВИРА САҒЫНДЫҚОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Осының аясында барлық балабақшалармен 12 әжелер мектебі, 22 аналар, 11 аталар мен әкелер мектебі ашылды. Енді ата-аналармен жұмыс істеу керек. Павлодар облысы бойынша 14 құзіретті орталығы бар. Оның үшеуі Ақсу қаласында. Ол да бір біздің жетістік деп ойлаймын
барлық істің мұраты жас ұрпақтың жарқын болашағы мен сапалы білімі.
Жанасыл Серікбол