Қарағанды қаласында кекушинкай каратэден өткен «Шахтерлер астанасының кубогі» ашық республикалық турнирінен біздің спортшыларымыз олжалы оралды.Олар командалық жалпы есепте екінші орын алды. Жеңімпаздар «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.

Кекушинкай каратэден өткен республикалық турнирге біздің өңірден жалпы 59 спортшы қатысты. Оның ішінде бірінші орынды 10, екінші орынды 7, үшінші орынды 17 каратэшілер жеңіп алды. Бұған дайындық қаңтар айында басталған.

Турнирға еліміздің әр қаласынан келген мықты каратэшілер жиналыпты. Павлодардан 8 бен 18 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Солардың бірі Дариға Басхаева. Оның каратэға қатысқанына 12 жыл болған, қазір ағылшын тілі мұғалімі мамандығында білім алуда.

Қазір каратэшілер наурыз айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде.

Қымбат Садық