«AMANAT» партиясының облыстық филиалында салтанатты жиын өтті. Бұл басқосу- Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналды. Сонымен қатар, жиын барысында жаңа есімдер партия қатарына қабылданды.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат төрағасы, партия филиалының жетекшілері мен қоғам қайраткерлері және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Жиында ерекше құрмет өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға көрсетілді.
АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Облысымыздың маслихатында 32 депуттатың ішінде 22-і аманат партиясы қатарынан. Біздің жұмысызда ең үлкен басымыдылық беретін бағыт халықтың мұң мұқтажын, халықтың арман-тілегін, халықтың ел ауқатын болу керек. Еліміздің әділетті Қазақастан жаңару жолында. Енді барлығымыз ауызбіршілігіміз нығайып, әрқайсысымыз өз орнымызда, өз міндетімізді адал атқаруымыз қажет.
Өзінің ерлігімен, қажырлы еңбегімен елге пайдасын тигізген жандарға алғыс айтылып, мадақтама қағаздары табысталды. Адамдарды құтқарып, батылдық танытқан қаһармандар да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ жиында жаңа мүшелер партия қатарына қабылданды.
АЙНҰР МҰХАМЕДЬЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ М.А.
Бүгін біз елімізде танымал адамдар, әртүрлі ерекше жағдайларда адамның өміріне қауіп төнген кезде құтқарып қалған және ауылдың тіршілігі, тұрмысы туралы жайында тик-ток, инстаграм желілерінде көптеген материалдарды көрсететін, ауылдарымызды танымал ететін, немесе біздің спортсмендерді басқа шетелдерге апарып, олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болған тренерлерді шақырып отырмыз. Негізгі мақсатамыз барлығының басын қосып, партия атынан алғысымызды айтып, және екінші бөлімде партия күніне орай жаңа партияластырымызды қабылдаймыз.
Бұл жиын – халық бірлігі мен татулығының, бейбітшілікті бағалау мен сыйластықтың айқын көрінісі болды. Шара концерттік бағдарламамен ұласты.
Сабина Жолдаспаева