Қымызмұрындық – халқымыздың ежелден келе жатқан, бірақ бүгінде ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерінің бірі. Осы дәстүрді жаңғырту мақсатында Ақсу қаласында қымызмұрындық мерекесі кең көлемде аталып өтті. Онда Қазақтың байырғы салттары мен ұлттық ойындары да көпшілік назарына ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекенің шымылдығын қазақтың ұлттық «Қосбасар» биімен «Айгөлек» үлгілі би ансамблі ашты. Кейін Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен жергілікті өнерпаздар мен «Асыл мұра-Ақсу» қоғамдық бірлестігі, «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің әжелері театрандырылған қымызмұрындықтың көрінісін көрсетті.
Рымкеш Сламбекова, Ақсу қаласының құрметті азаматы
Ерекше күн, ерекше мереке. Бұл қазақ халқының құндылығ деп айтуға болады. Үлттық мұра, тарихымызды әрқашан ұмытпайтындай, келесі ұрпаққа осыны дәріптеп, түсіндіретіндей, қымызмұрындықтың қасиетін білдіретіндей мереке, Бұл қымыз дертке дауа.
Мерекеге Ақсу қаласына қарасты алты ауылдық округінің белсенді, шебер, өнерпаз тұрғындары атсалысты. Әр ауыл 20 литр қымыз бен бауырсақтар әкелді. Қала тарапынан 40 литр қымыз дайындалып, 30 келі бауырсақ пісірілді.Сондай-ақ, жеке шаруа қожалықтарына өз өнімдерін сату мақсатында жәрмеңке де ұйымдастырылды.
Медығат Манапов, Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Бұл салт-дәстүріміз үлкен ұғымға ие. Юнесконың материалдық емес құндылықтары ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген. Ата-бабамыздан қалған үлкен бір дәстүр. Аналарымыз қолөнер түрлерінен шеберлік сағаттарын көрсетуде. Оның ішінде кигіз басу, жүн сабау оның барлығы бір заманда қажеттілік болса, қазір тарихтан ұмыт болып бара жатқан сияқты. Сол дүниені қазір заманауи үлгіде көрсету мақсатын алға қойдық.
Пайдалы әрі емдік қасиеті бар сусын мен ыстық бауырсақтар тұрғындарға да таратылды. Ең басты мақсат жаңғыртылған дәстүрді көрсету болды дейді ұйымдастырушылар.Қатысушылар шара барысында ұлттық көрме қойып, салт-дәстүрлерді көрсетті.
Зайра Азенова, Құркөл ауылының мәдениет іс-шараларын ұйымдастырушысы
Қымызмұрындық мерекесін жыл сайын біх тойлап келе жатырмыз, бірнеше жыл болды.Қымызмұрындықтың басты міндеті жастарға қымызмұрындықтың май айынан бастап сауады, бірінші сауға қымызды адамдарға ұсыну мәселесінде.
Асылбек Ариген, Береке ауылы мәдени-сауық орталығының мәдени ұйымдастырушысы
Бізде өзіміздің әжелеріміздің киіз басуы бар.Оның бастапқысы, яғни төрайымы Береке ауылының мұғалімі Жаңылған мұғалім. Одан бөлек дастарханымыз бар. Қымыз, бауырсақ, май ұлттық тағамдар
Жаздың алғашқы күндерінде өтетін «Қымызмұрындықты» халық асыға күткені байқалды, мереке жиналғандар арқа-жарқа болып тарқасты.
Қымбат Садық