Баянауыл ауданындағы ерекше табиғи әсемдігімен танымал Сабындыкөлде туристер мен жергілікті тұрғындарға арналған жаңа көру алаңы салынып жатыр. Бұл бастама өңірдегі экотуризмді дамыту, табиғатты тамашалау мәдениетін арттыру мақсатында қолға алынған.Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.
Бұл алаңда көлді биіктен шолу жасауға мүмкіндік береді. Жаңа құрылым табиғатпен үйлесімді түрде жасалып, арнайы қауіпсіздік талаптарына сай орнатылған. Енді Сабындыкөлдің мөлдір суы мен айнала қоршаған орманды, таулы көріністі биіктіктен тамашалауға болады. Байқау алаңы орналасқан нүкте зерттеліп, экологиялық жүктемеге зиян келтірмейтін жер таңдалған.
Әділет Серік, Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің бас маманы
Мердігер «Монолит 20-30» ЖШС, келісімшарт құны 113.7 млн.теңгені құрайды. Бүгінгі күні көру алаңының құрылысы, жаяу жүргіншілерге арналкн тротуар құрылысы және латын әріптерімен «Баянауыл» деген жазу жазылады. Соның тіректерін орнату жұмыстары жүргізілді.
Қазір мұнда жаяу жүргіншілер үшін жолға асфальт төселеді. Фотозона орнату жұмыстары да қолға алынбақ. Бұл өңірдің тартымды туристік нүктесіне айналатын мәдени нысан болмақ.
Әділет Серік, Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің бас маманы
Туристердің келіп, мына жерде суретке түсіп, соларды тартатын ір орынға, локацияға айналады деп сенеміз. Туристерге ыңғайлы орта жасау, демалып, суретке түсіп, өз эмоцияларымен бөлісетін себепте салынып жатыр бұл жерде көру алаңы.
Жаңа байқау алаңы әр демалушыға ерекше әсер қалдыра түспек. .Жоба бойынша құрылыс жмыстары мамыр айында басталған. Ал тамыз айында толық аяқталып, пайдалануға берілмек.
Қымбат Садық