Успен ауданында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 180 жылдығына орай «Абай мұрасы ұрпаққа жол» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Шарада ақынның өмірінен үзінділер сахналанды. Әндері шырқалып, өлеңдері мен қара сөздері айтылды.

Абай әлемі тұңғыйыққа толы, шексіз. Ұлы ақын қазақтың бағына біткен перзенті. Оның өмірі мен өлеңі ұштасып, осы күнге дейін жетіп келеді. Осы ретте Абайдың 180 жылдығына орай Успен ауданының мәдениет үйінде шара ұйымдастырлды.

Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.

 «Абай мұрасы ұрпаққа жол» әдеби-музыкалық кешінде осылайша ән шырқалды, өлең оқылды, ұлы ақынның қара сөздерінен мысал келтірілді. Оқушылар тіпті Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін заманауи стильде рэп етіп жаттаған.

Ақынның 180 жылдығы жер-жерде ауқымды атап өтілді. Абайдың мұрасын сақтау, келешек ұрпаққа насихаттау қазақтың міндеті десек қателеспейміз. Себебі орыс Пушкинді, немістер Гетені, біз қазақтар маңдайымызға біткен Абайды мақтан тұту керекпіз.

Бейбіт Бекенов, Успен ауданының тұрғыны

Бүгін міне біздің Успен ауданында орталық мәдениет үйінде Абайдың 180 жылдығына орай іс шара өтіп жатыр. Осы іс шараға қош келдіңіздер дегім келеді. Абай қазақтың ұлы ақаны, оны дүниежүзі таниды. Сондықтан мен үлкендерді Абайдың қара сөзін оқуға шақырамын, жастарды Абайды оқуға шақырамын. Өзім Абайдың қара сөзін күнде оқып отырамын.

Абайдың әлемі шексіз. Ол жырға да, әнге де, өлеңге де сияды.

Самал Қалиқызы