Қазақтың дана ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы Павлодар облыстық онкологиялық диспансері ұжымы үшін де елеусіз қалмады. Ақын шығармашылығын ардақтаған ақ халатты абзал жандар оның өнегелі өмірі мен өшпес мұрасына тағзым етіп, рухани байқау ұйымдастырды.

Кештің басталуы Абай Құнанбаевтың ең танымал лирикалық туындыларының бірімен ашылып, кешке салтанатты әрі терең ойлы көңіл-күй сыйлады. Бұл ерекше рухани жиын — ақын өлеңдері мен прозасын мәнерлеп оқуға арналған байқау болды. Онға жуық медицина қызметкері сахна төрінде сөз құдіретін ұлықтап, ақынның жан-дүниесіне үңілді. Олар философиялық ойларға толы қара сөздерден бастап, ұлттық рух пен адамгершілікке үндейтін терең поэзияны тебірене оқыды.

Жанар Аюпова, қазақ тілі мұғалімі

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын арналған Абай дана Абай дара атты сайыс ұйымдастырылып жатыр.Балық ақ халаттыларға сәттілік.

Бұл кездесу сөздің, ақылдың және жанның мерекесіне айналды. Ол тек ұлы ақынның шығармашылығын еске түсіріп, қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар адамдарды біріктіріп, әдебиет пен тарихқа қызығушылықты оятып, мәдени дәстүрлерді сақтауға және ұлттық сананы нығайтуға септігін тигізеді

Тұрар Дүйсембаев, радиология бөлімінің мейіргері

Осы бүгінгі күн Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған сайыс күні болып табылады. Сайысқа қатысқаныма өте қуаныштымын.

Іс-шара барысында қатысушылар Абай мұрасын тек оқып қана қоймай, оны жүрекпен сезініп жеткізуге тырысты. Әр өнерпаз сахнада жеке шабытын, өз көзқарасын және ұлы ақынға деген құрметін көрсетті.

Тельман Әлгожин, Павлодар облысы онкологиялық диспансері басшысының орынбасары

Сіздерді мына Абайдың 180 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.Отбасыларыңызға амандық тілейміз.Рақмет келгендеріңізге.

Шара соңында ерекше дарынымен көзге түскен қатысушылар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

ДИЛЬНАЗ ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ