Павлодарда іскер әйелдер бас қосып, мәселелерді ортаға салды. Шараға республикалық әйелдер қауымдастығының өкілдері қатысты. Бүгінде нәзік жандылар айналысып жүрген кәсіп саласында нендей түйткілдер бар екендігі айтылды.

Кәсіпкерлік әрқашан бір-бірін қолдауды қажет етеді. Жалғыз жүріп жол табу қиын. Сондықтан, кәсіпкерлікті оның ішінде кәсіпкер ханымдардың бастамалары мен идеяларына қолдау көрсететін қауымдастық құрылып қызмет етуде. Қазіргі уақыт та ол қауымдастық жұмысы жүйеленіп, нақты қолдау шараларын көрсетуге бел шешіп кіріскен.

Қазіргі уақытта 1680 әйел қауымдастыққа мүше. Кәсіпкер әйелдерді әртүрлі бағытта қолдау шараларын жүзеге асыруда. Оның ішінде әйелдер жиі кездесетін мәселерді шешуге ат салысуда.

Президент өз жолдауында енді кәсіпкерлік бағыт өндіру мен өңдеуге бағыт алуы тиіс екендігін айтты. Оң бастамаларды қолға алуға болатындығы айтылды. Тіпті, ауылдық жерлерді шағын өнеркәсіп жүйесін дөңгелетсе, жақсы нәтиже көрсетуге болады. Ол үшін инфрақұрылым мен технология және сол технологияны үйрету қажет.

Жанасыл Серікбол