Павлодар облысында жалпы көлемдегі картоптың 50 пайызы, көкөністің 54 пайызы, бау-бақша өнімдерінің 100 пайызы жиналған. Шаруалар қазан айының басында күзгі жиын терім жұмыстарын толығымен аяқтауды жоспарлап отыр. Енді, бәрі ауа райының қолайлығына байланысты дейді ауыл шарушылығы басқармасында.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егін жинау алаңы 1 445,4 мың га (2024 жылы 1 366,7 мың га) құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 78,7 мың га артық. Биыл жаз уақытында жаңбыр мөлшері көп болғандықтан, жер ылғалды соған сәйкес шаруалар тәулігіне 25-27 мың гектар аумақты жинап жатыр. Осылайша қазанның бесіне таман астық өнімдерінің күзгі жиын терім жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Ал, майлы дақылдар алғашқы аязбен жиналады.

Төлеген Көшербаев, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Бүгінгі таңда облыстық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы ауданы 485,9 мың га немесе 34% - ға жиналды, оның ішінде дәнді дақылдар 448,5 мың га (53%) алаңда, жалпы алым 533,1 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі 11,9 ц / га; майлы дақылдар 15,5 мың га (3%) алаңда, жалпы алым 16,9 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі 10,9 ц / га; 15,8 мың га алаңда картоп (50%), жалпы алым 405,7 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі 257 ц / га; көкөністер 4,2 мың га (56%), жалпы өнім-122,3 мың тонна, орташа өнімділігі 290 ц / га; бақша дақылдары – 1,9 мың га (100%), жалпы өнім-82,9 мың тонна, орташа өнімділігі 437 ц/гектарды құрайды.

Жалпы қазіргі таңда облыста картоптың 50 пайызы, көкеністің 56 пайызы және бау-бақша өнімдерінің 100 пайызы жиналды. Ауыл шаруашылығы басқармасында күзгі жиын-терім өткен жылмен бірдей дейгейде деді. Көкөністің орташа бағасы қазір келісіне 90-120 теңгені құрайды.

Төлеген Көшербаев, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Егін жинау науқанына барлық модификациядағы 2 286 бірлік трактор, 2318 бірлік комбайн, оның ішінде 2140 астық жинайтын комбайн, орақ – 1033 бірлік, астық әкетуге 2668 бірлік автокөлік және 1275 трактор тіркемесі тартылды. Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету 100% құрайды. Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін 33,2 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы шамамен 1 189,0 мың тоннаны құрайды, бұл 2025 жылғы егінді толық көлемде сақтауға мүмкіндік береді.

Биыл облыста өсімдік шаруашылығын қолдауға жалпы сомасы 6,1 млрд. теңгеге субсидиялар бөлінді, игеру 100% құрайды.

Самал Қалиқызы